МАМА СЕНІҢ КУЙЕУ БАЛАҢ)))
Махаббатта өзінше әркім батыр-ез,
Бақыты үшін арпалысып жатыр өз.
Сенер тұста сенбеген боп шығатын,
МАМА, СЕНІҢ КҮЙЕУ БАЛАҢ ҚАТЫГЕЗ👊
Сағынамын бірге өткен күзді аңсап,
Есімде жоқ тағдырымды бұзған шақ.
Біреу үшін маған сенім жоғалтқан,
МАМА СЕНІҢ КҮЙЕУ БАЛАҢ ҚЫЗҒАНШАҚ🙅
Өтсе-дағы талай бірге күн қызық,
Еркелікті сабырға жүр бұрғызып
. Көңіліме қарап тұрып ренжітер,
МАМА, СЕНІҢ КҮЙЕУ БАЛАҢ ТЫМ БҰЗЫҚ 🙊
Бар бақытын жоқ қылады бірде ұрсып,
Жүргеніммен жеңе алмаймын білгірсіп.
Ақымағым,-деп әбден жылататын,
МАМА, СЕНІҢ КҮЙЕУ БАЛАҢ БІР ҚЫРСЫҚ 🙈
Бір өзіне бұйырғандай атақ бар,
Мінезінде мен білетін шатақ бар.
Қайтсем екен оны айтшы бір ақыл,
МАМА, СЕНІҢ КҮЙЕУ БАЛАҢ ТӘКАППАР . 😑
Болсаңыз да қандай күнім бағымсыз,
Алла жазған маңдайыма жарым- CІЗ!
Cезімімді біліп тұрып сұрайтын,
МАМА, СЕНІҢ КҮЙЕУ БАЛАҢ САБЫРСЫЗ🙍
Өне бойы бір көңілім толмаған,
Онан нашар, одан жақсы болмаған.
Бір Құдайға тапсырсам да айтайын,
МАМА, СЕНІҢ КҮЙЕУ БАЛАҢ ОҢБАҒАН.😝
Жазғыруды, кінәлауды доғарам,
Тағдырым да, бар мұңым да - сол адам.
МАМА, СЕНІҢ НАШАР КҮЙЕУ БАЛАҢМЕН
ЕҢ ҒАЖАЙЫП БАҚЫТТЫ ЖАН БОЛА АЛАМ 💑👑
