Бір тренингке қатысқан кезде ұстаздың айтқаны: "Менің 3 балам бар. Үшеуіне 3 банан алып беруге шамам жетеді. Алайда, мен 3 банан алсам да үшеуіне 1 бананды беремін де: "Үшеуің бөліп жеңдер" - деймін. Бастапқы кезде таласып жүрді, келіспей жүрді. Кейіннен бұл нәрсе әдетке айналып кеткені соншалық, кез-келген нәрсені таласпай, бөлісетін болды. Кейде бір ойыншыққа таласып, біреуі жылап келеді. Сол кезде таласқан екеуін қатар отырғызып қойып: "Мынау ойыншық, яғни - дүние. Мынау - бауырың. Тірі адам. Ертең ойыншығың ескіреді, бұзылады, сынады. Саған бір кездері көмек қажет болады. Сонда ойыншығың көмектесе алмайды, бауырың көмектеседі." - деп жайлап түсіндіремін де сосын сұраймын: "Сен үшін қайсысы жақын? Қайсысы бағалырақ? Бауырың ба, әлде, ойыншық па? " - деп. "Бауырым" - деп жымың-жымың етіп қояды бір-біріне қарап. Сөйтіп олардың бойына кішкентай кезінен бауыр деген кез-келген дүниеден жақын екендігін құйып өсірудемін" - деген еді. Шәкәрім атамыз айтқандай, "қоғам жалғыздардан құралатын" болса, әрбір адам өзін дұрыстау арқылы, өзіне қарасты адамдарды дұрыс жолға салу арқылы қоғамды да жөндеуге болады екен. Ғани Байсалдың парақшасынан алынды

Теги других блогов: тренинг балалар ойыншық